USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Н.Назарбаев жалпақ шыны өндіретін және өңдейтін зауыттың құрылысымен танысты

  • 750
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Н.Назарбаев жалпақ шыны өндіретін және өңдейтін зауыттың құрылысымен танысты

Елбасы өңірге сапары барысында Қызылорда қаласында салынып жатқан шыны зауытында болды.

Осы жерде өңірдегі өндіріс саласының даму деңгейін бағамдап, зауыттың құрылысымен танысты. Кезінде Қызылорда облысының қатаң климатына байланысты шыны өндірісін еліміздің өзге аймағында жүзеге асыру туралы бастама көтерілгені белгілі. Алайда Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен іргелі кәсіпорынның қазығы Тұран жерінде қағылып, ірге көтерді. Тәулігіне 600 тонна өнім беретін зауыт құрылысын Қытай еліндегі шыны өндірісінің көшін бастап тұрған ірі компания жүргізуде.

Зауыт төрт бөліктен тұрады. Бүгінде дайын өнімді сақтайтын қойма құрылысының 80 пайызы аяқталды. Ал теміржолдың 40 пайызы салынып біткен. Негізгі пеш қондырғысын орнату жұмыстары да басталып кеткен. Зауытқа қойылатын озық технология түгелдей дерлік әкелініп қойылған. Зауыт келер жылдың шілде айында алғашқы өнімді шығаруды жоспарлап отыр. Нысанның құрылысымен танысқан соң Нұрсұлтан Назарбаев құрылысшылармен және өңір кәсіпкерлерімен сұхбаттасты. Осыдан 4 жыл бұрын өңірде шағын-орта кәсіпкерліктің үлесі 4 пайыз еді. Биыл бұл меже 15 пайызға жуықтады. Яғни бизнеске бел буған азаматтарды мемлекет тарапынан қолдау шаралары жүйелі жүргізілуде. Кәсіпкерлікке бет бұрғандарды оқытып, бизнес жоспарын әзірлеп, жеңіл пайызды несие беру бастамасы айтарлықтай нәтиже беруде.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

– Біз жұмыс жасап жатырмыз, несие беріп жатырмыз, оқытып жатырмыз. Қалай болады? Ауылда жұмыс істесең, микронесие аласың, иә? Істе, өзің бір шаруа жаса. Оны істеп шығарсаң, ендігі жылы екі есе береді.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top