USD 333.68 EUR 396.25 РУБ 5.82

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Б.Сағынтаев А.Атамбаевтың пікіріне байланысты мәлімдеме жасады

  • 301
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Б.Сағынтаев А.Атамбаевтың пікіріне байланысты мәлімдеме жасады Kursiv.kz

Еліміздің Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың пікіріне байланысты мәлімдеме жасады.

Бұл мәліметті Премьер-Министрдің ресми сайты жариялады. «Қырғызстан президентінің сайлау алдындағы жауапсыз, арандатушылық мағынадағы жалған пікірі екі ел арасындағы көпғасырлық байланысқа, достық қарым-қатынасқа нұқсан келтіре алмайтынына сенім білдіреміз» делінген онда.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы бауырластық сақталады. «Қазақ елі қашан да қырғыз халқының басына түскен қиын күндерде қасынан табыла білген. Қырғызстан басшылығының өтініштерін ескерусіз қалдырған емес. Әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қатысты түйткілді жайттарды шешуге қарайласумен ғана шектелмей, тұрақты түрде гуманитарлық көмек те көрсетіп келді», деп атап өтті. Мәселен, Еруазиялық экономикалық одақ ынтымақтастығы аясында Қырғызстанға 100 млн доллар көлемінде жәрдем көрсету жайында шешім қабылданған. Гуманитарлық көмек ретінде бөлінген 20 млн долларға Бішкек пен Ошта 2 мектеп салынды. «Ал еліміздің Қырғызстан экономикасына салған инвестициясының көлемі 820 млн долларды құрайды», деп атап өтті Премьер-Министр.  

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top