USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Сенаторлар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында ұстап беру туралы заң жобасын қолдады

  • 102
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Сенаторлар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында ұстап беру туралы заң жобасын қолдады

Сенат депутаттары Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында ұстап беру туралы заң жобасын қолдады.

Конституциялық заңнама сот жүйесі және құқықтық органдар комитеті құжатты Сенаттың жалпы отырысында қарауға жіберді. Тараптар заңдағы барлық қарама-қайшылықтар бойынша ортақ мәмілеге келді. Қос мемлекет арасында бұл келісімге қол қойылған кезден бастап, саладағы өзара ынтымақтастық нығайды. Мәселен, былтыр желтоқсан айында Сауд Арабиясы Қазақстанға бюджеттік қаржыны жымқырған Омар Мұхит деген азаматты ұстап берді. Айта кетейік, бүгінгі таңға дейін Қазақстан 18 елмен осындай шарт жасасқан.

Дулат Құсдәулетов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Маңызы өте зор. Неге десеңіз, біріншіден, Қазақстан ислам мемлекеті зайырлы. Сауд Арабиясы Құран, шариғатқа сүйенеді. Қылмыстық істер түсінігі бойынша әртүрлі. Шартқа келгеніміз маңызды. Халықаралық талаптарға сай.

Жоғарғы Сот судьяларын тағайындау мәселесі талқыланды

Сонымен қатар басқосуда Жоғарғы Сот судьяларын тағайындау мәселесі де талқыланды. Депутаттар елордалық судьялар Гүлмира Жүсіпбекова және Асқаржан Кенжеғаринның кандидатураларын қарастырды. Нәтижесінде үміткерлер тізімін Сенаттың жалпы отырысының қарауына жіберу туралы шешім қабылданды.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top