USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Ж.Сарабеков: ТМД өзінің қызметін жетілдіре түсуге қадамдар жасап жатыр

  • 168
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Ж.Сарабеков: ТМД өзінің қызметін жетілдіре түсуге қадамдар жасап жатыр Sputnik Казахстан

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы халықаралық ұйымының қызметін жетілдіре түсу қажет.

Яғни тиімділігін арттырып, жаңа сипатта жұмыс істеуі тиіс. Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшылары осындай пікір білдіріп отыр.

Айта кетейік, кеше Достастыққа мүше мемлекеттер басшыларының Сочиде өткен кеңесінде бірқатар шешім қабылдап, құжаттарға қол қойылды. Олардың қатарында жоғары органдар өкілеттіктерін бөліп беру мәселесі де қаралды.

Сарапшылар «интеграцияға үлес қосып келе жатқан институттар арасында да осындай істер атқарылуы керек», дейді. 

Жұмабек Сарабеков, ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы ӘЭСИ сарапшысы: 

- ТМД өзінің қызметін жетілдіре түсуге қадамдар жасап жатыр. Мәселен, өкілеттіктерді төмен деңгейге беру туралы жаңа келісімдерге қол қойылды. Бұл ынтымақтастықты жаңа жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Саммит жұмысын нәтижелі деп айтуға болады. ТМД аумағында ынтымақтастық одан әрі күшейеді деген болжам айтуға болады.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top