USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Қырғыз-қазақ шекарасы қауесетіне қатысты ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеме жасады

Қырғыз-қазақ шекарасы қауесетіне қатысты ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеме жасады

Қырғыз-қазақ шекарасы жабылды деген қауесетке қатысты еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі де мәлімдеме жасады.

Жоспарлы тексеріс кезінде шекара асып өткендердің қарасы сиреген жоқ. 10-11 қазан аралығында Қырғызстанға қарай шамамен 19 мың, Қазақстанға 15 мың адам бет алған. Бұл осы кезең аралығындағы орташа статистикалық көрсеткіштерге сай келеді. Мемлекеттік шекарадан өткізу бекеттерінде 112 тәртіп бұзу дерегі тіркелді. Қару-жарақ алып өтпек болғандар құрықталды. Сондай-ақ көлік құралдарын, жүк тауарларын тексеру кезінде экономикалық контрабанданың белгісі бар жайттар әшкереленіп, қазір тексеріліп жатыр. Ал көші-қон заңнамасын бұзған 400-ге жуық Қырғызстан азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазір еліміздің кеден қызметі көрші елдегі сайлау науқанына байланысты қосымша сақтық шараларын қолға алды.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде