USD 329.97 EUR 388.07 РУБ 5.6

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Б.Сағынтаев халықтың өзін-өзі жұмыспен қамту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

  • 100
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Б.Сағынтаев халықтың өзін-өзі жұмыспен қамту мәселелері жөнінде кеңес өткізді Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев халықтың өзін-өзі жұмыспен қамту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспаөз қызметі хабарлады.

Кеңес барысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Өзін-өзі жұмыспен қамтудың жол картасын» таныстырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген, 2018-2019 жылдарға арналған Ұйымдастыру шараларының аталған жоспары бейресми жұмыспен қамтылған халықты ел экономикасына жүйелі әрі тікелей тарту шараларын, оларға еңбек нарығында мүмкіндіктер жасауды қарастырады.

 

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйелеріне қатыстыру, сондай-ақ қызметтердің жұмысын цифрландыру және ақпараттық жүйелерді біріктіруге қатысты мәселелер пысықталды.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top