USD 345,77

EUR 401,20

РУБ 5.48

Қазақстан БҰҰ ҚК-нің үш Санкциялық комитетін басқарып келеді

Қазақстан БҰҰ ҚК-нің үш Санкциялық комитетін басқарып келеді

Қазақстан БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің үш бірдей санкциялық комитетін басқарып келеді.

Бұл органдар «Ирак пен Левант лаңкестік тобы», «Әл-Каида», «Талибан» қозғалысына және Сомали мен Эритреяда белсенділік танытып жүрген «Аш-Шабаб» лаңкестік топтарына қарсы шараларды қадағалайды. Қауіпсіздік кеңесі кезекті күн тәртібін әлемге қауіп төндіріп отырған осындай маңызды мәселелерге арнады. Негізгі баяндамашы – Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров. «Ол «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» және «Әл-Каидаға» қатысты Санкциялар комитетінің жұмысы туралы туралы баяндады», – деп хабарлайды АҚШ-тағы меншікті тілшіміз Майра Әбдрахманова. Бақылаушы топтың сараптамасы бойынша үнемі орны ауыстырып, халықтың тынышын алған содырлардың әрекеттері халықаралық қауіпсіздікке қатер.

Қайрат Омаров, БҰҰ жанындағы ҚР тұрақты өкілі: 

– Санкциялардың толық орындалуына көмектесу үшін комитет төрағасы бірқатар елге барады. Мен 28 және 31 тамыз аралығында Малайзия мен Сингапурға, сондай-ақ 28-31 қазан аралығында Ауғанстанға бардым, Ресей Федерациясының Краснодар қаласына барып, арнайы қызметтің, қауіпсіздік және құқық қорғау органдары басшыларының XVI кеңесіне қатыстым. Өзбекстанға сапарым Шанхай Ынтымақтастық ұйымы Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының V ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында өтті. Мұндай сапарлар Комитетке санкцияларды жүзеге асыру барысымен танысуға және ұлттық билік органдарымен қарым-қатынасты дамытуға көмектеседі.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде