USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Салық кодексінің жобасы Мәжіліске кері қайтарылды

  • 108
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Салық кодексінің жобасы Мәжіліске кері қайтарылды

Ұрланған көлікті сұратқан ел шығынды өзі көтереді.

Бүгін Сенат қабырғасында ТМД елдерінде көлік құралдарын ұрлау мен оны қайтаруға қатысты заң жобасы талқыланды. Құжатты депутаттар назарына ұсынған Ішкі істер министрлігі бірқатар мәліметті алға тартты. Мамандардың айтуынша, 2005 жылы Мәскеуде ұрланған көліктерді қайтаруға қатысты келісім жасалған еді. Заң жобасы әзірленіп қабылданғанша 12 жыл өтті. Сол уақыттан бері қолды болған мыңдаған көліктің 200-і ТМД елдерінің аумағынан табылды. Олардың тек 60-тан астамы ғана елге қайтарылған. Заң жобасын әзірлеудің қажеттілігі осыдан туындап отыр. Ал сұрау салған елдің өкілдері көлікті қайтарып алуға кететін шығынды өздері көтеруі керек. Енді бұл шығынды сақтандыру компаниялары есебінен өндіріп алу жайы қаралып жатыр.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі: 

– Бұл келісім ТМД елдерінің тиісті мемлекеттік органдарының мәлімет алмасуын жеңілдетеді. Бастапқыда заң жобасы қаржылық шығын әкеледі деген бірқатар ел оны қабылдауды кейінге шегеріп келген еді. Қазір бұл келісімді Армения, Беларусь, Қырғызстан мен Ресей, Молдова сияқты елдер бекітті. Және тәжірибеден байқағанымыздай, оны жүзеге асыруда бюджеттен шығын шықпайды.

Ал салық кодексінің жобасы Мәжіліске кері қайтарылды. «Қызу пікірталас тудырған құжат жетілдіруді қажет етеді», - дейді сенаторлар. Депутат Сәрсенбай Еңсегеновтың айтуынша, еліміз үшін маңызды құжатты егжей-тегжейлі қарауға уақыт жетпей жатыр. Сондықтан асығыстық танытпау керек деген депутаттар бірауыздан оның Мәжіліске қайтарылуын қолдады.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top