USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Қазақстандық сенаторлар Қытайда парламентаралық әріптестік мәселелерін талқылады

  • 173
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Қазақстандық сенаторлар Қытайда парламентаралық әріптестік мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Сергей Громов бастаған  депутаттар тобы іссапармен Қытайда жүр.

Қазақстан сенаторлары Қытай Халық Республикасының Шыңжаң Ұйғыр автономды ауданы мен Гуанчжоуда болып, бизнестің дамуына ерекше жағдай жасалған экономикалық аймақтарды аралады. Жоғары технологиялық ғылыми парктің жұмысымен танысты. Бейжіңдегі сапарында Сенат депутаттары бүкілқытайлық xалық өкілдері жиналысы тұрақты комитетінің төрағасы Чжан Пинмен кездесті. Олар көрші елмен парламентаралық әріптестік, экономикалық интеграция және инвестиция мәселелерін талқыға салды.

Сергей Громов, ҚР Парламент Сенаты төрағасының орынбасары:

- Біз үшін бұл іссапар өте танымды болды. Өйткені Қытай бүгінде дамушы елден дамыған елдердің қатарына қосылды. Мұнда жоғары технология мен IT-технология қоғамның барлық саласына енгізілген. Оны еңбектеген балаға дейін біледі. Зауыттардың көбі роботтандырылған. Сондықтан біздің бизнесмендер үшін Қытайдан үйренетін нәрсе көп. ҚХР мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы былтыр 7,9 миллиард долларды құрады. Ал биыл 9 айдың ішінде 7,3 миллардқа жеткен.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top