USD 345,77

EUR 401,20

РУБ 5.48

ҚР СІМ Иерусалим қаласының мәртебесіне қатысты мәлімдеме жасады

ҚР СІМ Иерусалим қаласының мәртебесіне қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Иерусалимнің қазіргі мәртебесінің сақталуын жақтайды. Бұл туралы Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

Мәлімдемеде Қазақстан Иерусалимнің астаналық  мәртебесіне қатысты жағдайдың шиеленесуіне өз алаңдаушылығын білдіреді және барлық мүдделі тараптарды ұстамдылыққа шақырады делінді. Палестиндік-израильдік қақтығыстың шешімі 1967 жылғы шекараларда астанасы Шығыс Иерусалим болып табылатын Палестина Мемлекетінің құрылуын көздейтін «екі халыққа екі мемлекет» қағидасына сәйкес іске асуы тиіс. Осы ретте еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Таяу Шығыста бейбітшілік пен тұрақтылықты қалпына келтіру процесіне толық қолдау көрсетуді жалғастыра беретіні айтылған.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде