USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



ЕҚЫҰ мүше елдер кеңесінде радикалдануға қарсы күрес мәселесі талқыланды

  • 128
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
ЕҚЫҰ мүше елдер кеңесінде радикалдануға қарсы күрес мәселесі талқыланды

Венада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше және бақылаушы елдері арасында Сыртқы істер министрлері кеңесінің жиырма төртінші сессиясы өтіп жатыр.

Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 45 елдің министрі радикалдану мен экстремизмге қарсы күрес жайлы талқылау жұмыстарын бастап кетті. Қазақстандық делегацияны елдің сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бастап барды. Ол Венаға іссапары барысында Австрия Президенті Александр Ван дер Белленмен келіссөздер жүргізді. Сондай-ақ Қазақстанның Сыртқы Істер министрі сессияда бірінші болып, сөз алды. Бұл әрине Қазақстанның ЕҚЫҰ-да беделінің жоғары екенін көрсетіп, ұйымның дамуына қосқан үлесін айқындайды. 

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ қолдауымен жаһандық лаңкестікке қарсы желісін құру бастамасын назарларыңызға ұсынғым келеді. Жақында ғана ұйым жанынан құрылған лаңкестікке қарсы басқарма тың бастаманың жүзеге асқанын айғақтайды. Сондай-ақ, Қазақстан БҰҰ мен ЕҚЫҰ  қолдауымен  Терроризмге қарсы күресте мүдделі тараптардың тығыз әрекеттесуі үшін жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы өңірлік орталық құрды. Біз «Үлкен Еуразия» идеясы аясында  интеграциялық бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимылды кеңейте түсуді ұсынамыз. 

Жиын барысында Қайрат Әбдірахмановтың екі жақты бірнеше кездесуі жоспарланған. Ол Македония, Эстония, Италия, Нидерландыдағы әріптестерімен және ЕҚЫҰ ұлттық азшылық комиссары Ламберто Заньермен жиын өткізеді.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top