USD 327.42

EUR 383.90

РУБ 5.31

ҚР ОСК: Дархан Мыңбай Парламент Мәжілісінің депутаты болып тіркелді

  • 248
ҚР ОСК: Дархан Мыңбай Парламент Мәжілісінің депутаты болып тіркелді Фото: election.gov.kz

13 ақпанда «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро қаулысымен тағайындалған Парламент Мәжілісінің депутатын тіркеу жөніндегі ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Бұл туралы ҚР ОСК баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мыңбай Дархан Қамзабекұлын тіркеу жөніндегі ҚР ОСК қаулысы қабылданды.

Д.Мыңбайға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатының куәлігі мен төсбелгісі табысталды.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі» туралы Конституциялық заңға сәйкес сайланған депутат тіркеуден өткен соң өз өкілеттігіне кіріседі.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде