Елбасы ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастығын тағайындады - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 361,07

EUR 409,95

РУБ 5.43

Елбасы ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастығын тағайындады

  • 153
Елбасы ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастығын тағайындады

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Орынтайұлы Оразқұлов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ал бұған дейін бұл қызметті атқарып келген Амантай Жанкеұлы Күреңбеков зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметінен босатылды. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Өкімімен Қанат Орынтайұлы Оразқұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде