USD 335.94

EUR 389.

РУБ 5.38

Астанада Қазақстан мен Әзербайжан сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар өтті

  • 85
Астанада Қазақстан мен Әзербайжан сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар өтті

2018 жылғы 25 мамырда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өтті.

Қазақстан тарапын Сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев, Әзербайжан тарапын сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов бастады.

Кездесу барысында бастапқы назар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы 2-3 сәуірдегі Әзербайжанға жасаған ресми сапары аясында қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелеріне салынды.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты, көпжақты ынтымақтастық бойынша және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікірлерімен алмасты.

Келіссөздердің қорытындылары бойынша, екіжақты консультациялардың жүйелі түрде өтуінің маңыздылығы атап өтілді.

Ақпарат көзі: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Хабар 24 әлеуметтік желілерде