356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапония Корей түбегіндегі жағдайдың тұрақталу процесіне баса назар аударып отыр

  • 165

Ядролық қарудың зардабын тартқан бұл ел Қазақстанға Семей өңіріндегі ядролық сынақтардың салдарын жеңуде үлкен көмек көрсетіп келеді.

Қазақстан мен Жапония арасында тығыз саяси, экономикалық, мәдени және гуманитарлық қарым-қатынас орнап, екі елдің үкіметі Қазақстан Президенті мен Жапония премьер-министрінің арасындағы келісімді жүзеге асыруда өлшеусіз еңбек етіп келеді. Қос мемлекет арасындағы ынтымақтастық БҰҰ ҚК-нің ортақ жұмысы барысында одан әрі нығая түсті.  

Коро Бешо, БҰҰ жанындағы Жапонияның тұрақты өкілі:

- Қазақстан мен Жапония қауіпсіздік пен бейбітшілік тұрғысында, ядролық қарусыздану мен оны таратпау мәселесінде жұмыла жұмыс істеп келеді. Бүгін БҰҰ-ның Халықаралық, Қылмыстық және өзге де трибуналдарымен бірге өзара іс-қимыл мәселелерін талқыладық. Бұл БҰҰ-ның жарғылық құжаттарында жазылмағанымен, біз оны жетілдіре беруіміз керек. Ал аталмыш құрылымдарға мүше елдер осы тектес әріптестікті қолдаулары тиіс. Екіншіден, есеп беру үлкен маңызға ие. Өйткені біз кейде халықаралық және гуманитарлық құқықтың бұзылғанына куә боламыз. Өкінішке қарай, Қауіпсіздік кеңесі өзінің бұған қарсы тұра алмауын жиі сынайды.

Хабар 24 телеарнасы