USD 343,45

EUR 403,00

РУБ 5.52

Астанада Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңес жиналысы өтті

Астанада Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңес жиналысы өтті

Бүгін елордада Қазақстанның халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің жыл сайынғы жиналысы өтті.

Жиында Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев әлем дамуындағы үрдістерді жан-жақты әрі терең талдау тұрғысынан келгенде кеңес тиімді пікірталас орталығы болуы тиіс екенін айтты. Сондай-ақ ол негізгі екі ағымның – жаһандану мен ұлтшылдықтың түйісуі салдарынан туындаған әлемдегі күрделі оқиғалардың сипаттарын атап өтті. Мәселен, «қазіргі замандағы халықаралық қатынастарда бірінші ретте нарық жолындағы күрес көрініс тауып отыр. Осыған байланысты ықпалдасу бірлестіктеріндегі процестер салмақты талдауды қажет етеді», – деді Сенат төрағасы.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде