369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Елшісі Урс Шмидпен кездесті

  • 139

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының елшісі Урс Шмидпен кездесті.

Жоғарғы Палата басшысы Қазақстанның Еуропадағы сауда, инвестиция және сыртқы саясаттағы маңызды одақтасы Швейцариямен екі жақты байланыстың ілгері қарқыны туралы айтты. Сенат Төрағасы, екі елдің, заң шығару органдарындағы парламентаралық қарым-қатынасты жоғары бағалады. Қазақстан мен Швейцария парламентшілері халықаралық парламенттік ұйымдарда, оның ішінде Еуропадағы, Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының, Парламенттік Ассамблеясы аясында атқарылып жатқан табысты жұмысты да тілге тиек етті. Сондай-ақ Елші экономикалық ынтымақтастықтың мәселелерін қарастырып, талқылау үшін Қазақстанға экономика, білім және зерттеулер министрі Йоханн Шнайдер-Амман бастаған сауда-инвестициялық делегацияның жуырда келетіні туралы хабардар етті.

Хабар 24 телеарнасы