352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан Елшісі Канаданың генерал-губернаторына сенім грамоталарын тапсырды

  • 134
Қазақстан Елшісі Канаданың генерал-губернаторына сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстанның Канададағы Елшісі Ақылбек Камалдинов Канаданың генерал-губернаторы Жюли Пайеттке сенім грамоталарын тапсырды.

Рәсім генерал-губернатордың ресми резиденциясы болып саналатын Солтүстік Американың ең ескі әскери құрылыстарының бірі Квебек қамалының аймағында өтті.

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Ж.Пайетт ханым Қазақстан мен Канада арасындағы қатынастардың қарқынды түрде дамуын атап өтіп, Канада Қазақстан жүргізіп жатқан реформаларды, оның ішінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «100 нақты қадам» бағдарламасын қолдайтынын мәлімдеді.

Екіжақты кездесу барысында Канаданың генерал-губернаторына Президент Н.Назарбаевтың ағымдағы жылғы 1 шілдеде өтетін Канада күніне орай құттықтау хаты табысталып, онда Ж.Пайетт тараптарға ыңғайлы уақытта Қазақстанға сапар шегуге шақырылды.

Елші А.Камалдинов Астана мен Оттава арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың басты бағыттарын толықтай сипаттап берді. Қазақстанның канадалық тараппен ҚР экономикасының үшінші модернизациясы аясында тығыз жұмыс жасауға дайын екендігі ерекше аталып өтті. Сондай-ақ кәсіби ғарышкер бола тұра бұрын бірнеше рет Байқоңырда болғанын атап өтті.

Ж.Пайетт Мемлекет басшысына жылы құттықтауы үшін алғысын білдірді және Астана мен Оттава арасындағы тығыз саяси диалогты жалғастыруға деген үмітін білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың болашағы бар жаңа салаларды қарастыруға және барлық деңдейдегі екіжақты байланыстарды арттыруға келісті.

Ақпарат көзі: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы