359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ ҚК: Қазақ елі Ауғанстан бойынша бірқатар бастама ұсынды

  • 105

Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Ауғанстандағы жағдайға арналған отырысы өтті.

Қазақстан делгациясы бұл елде тұрақты даму, саяси диалогты дамыту, мемлекеттік басқаруды жақсарту және биыл қазан айына белгіленген парламенттік сайлауды өткізуге дайындықты қолдайтынын білдірді. Ал Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдер соңғы уақытта Ауғанстанның солтүстігіндегі лаңкестік әрекеттердің көбейгеніне атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан тарапы Орталық Азиядағы ғаламдық лаңкестікке қарсы стратегияның үшінші кезеңін тиімді жүзеге асыруға шақырды. Сондай-ақ өңірдің тұрақтылығы мен өркендеуі үшін аймақтық ынтымақтастықты дамытудың да өзектілігін жеткізді. Сондықтан биыл қыркүйек айында Астанада «Ауғанстандағы әйелдердің мүмкіндіктерін арттыру» деген тақырыпта халықаралық конференция өткізу жоспарланған. Шараның басты мақсаты – осы елдегі нәзік жандардың құқықтары мен олардың мемлекеттің саяси-әлеуметтік өміріне араласуын талқылау және нақты ұсыныстар қабылдау.

Хабар 24 телеарнасы