356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Н.Назарбаев бала кезінде қалай табыс тапқаны туралы естеліктерімен бөлісті

  • 143
Н.Назарбаев бала кезінде қалай табыс тапқаны туралы естеліктерімен бөлісті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бала кезінде қалай табыс тапқаны туралы естеліктерімен бөлісті.

«Мен бақта туған адаммын. Менің әкем бағбан болған кісі. Біздің үйдің айналасында 25 сотық жер болды. Сол уақытта ол айтарлықтай ауқымды алаң болатын. Сол аумақтың бәрінде алма жайқалып өсіп тұратын. Ол мені баулып, «мұнда алма», «мұнда алмұрт» деп көрсетіп жүретін», - деген Президенттің шағын әңгімесі Ақорданың инстаграмдағы парақшасында жарияланды. Президенттің айтуынша, ол алманы баптауды бала кезден үйренген.

«Мен осы бақта өстім. Алманы баптап өсіруді, оны әрдайым түптеп, уақытында суаруды, әрбір алманы жұлған кезде шаңын түсірмей қоймаға салып қоюды үйрендім. Сол алманы көктемде Алматыда сататын едік. Бұл біздің отбасымыздың табысы болатын», - дейді Елбасы.

Хабар 24 телеарнасы