359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өзге елдердің мемлекет басшылары Елбасын туған күнімен құттықтады

  • 208
Өзге елдердің мемлекет басшылары Елбасын туған күнімен құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шет елдерден оның туған күніне және Астана күніне байланысты құттықтау хаттары келіп түсті.

Қытай Халықтық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Елбасына құттықтау жеделхатын жолдап, онда екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын көрсетті. Ал Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев жаңа Қазақстанның бүгінгі жетістіктері мен жеңістері Нұрсұлтан Назарбаев есімімен тығыз байланысты екенін айтты. Құттықтаудан тәжік елінің басшысы да сырт қалған жоқ. Эмомали Рахмон Мемлекет басшысына Қазақстанның игілігі үшін жасап жүрген жұмысына жеміс тіледі. Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга болса Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ-моңғол қарым-қатынасының дамуына ерекше үлес қосқанын атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы