352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркия Президенті Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтады

  • 143
Түркия Президенті Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында Режеп Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен және Қазақстанның елордасы – Астананың 20 жылдығымен құттықтады.

Түркия көшбасшысы Мемлекет басшысына зор денсаулық пен бақ-береке тіледі.

Сонымен қатар, мемлекеттер басшылары бауырлас екі ел арасындағы сындарлы диалогты одан әрі тереңдету мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Хабар 24 телеарнасы