369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ Президенті Елбасыны Астана мерейтойымен құттықтады

  • 134
АҚШ Президенті Елбасыны Астана мерейтойымен құттықтады Центр информации «ic24.kz

Нұрсұлтан Назарбаевқа Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамптан Астананың 20 жылдығына және туған күніне орай құттықтау хат келіп түсті.

Дональд Трамп Қазақстан Президентінің атына жолдаған құттықтау хатында биылғы қаңтарда Ақ үйде өткен кездесу барысында жеке достық қарым-қатынастың нығайғанына ризашылық білдіріп, екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастық одан әрі тереңдей түскенін атап өтті.

– Туған күніңізге орай Сізге зор денсаулық, амандық пен бақ-береке тілеймін. Сондай-ақ, Қазақстан халқын Астананың 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.

Сіздің басшылығыңызбен «ЭКСПО-2017» көрмесін табысты өткізген Астана Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан орталығына айналғанын көрсетті және болашақ ұрпақ үшін мәңгілік мұра болып қала бермек, – делінген құттықтау хатта.

Хабар 24 телеарнасы