352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

  • 196
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Мемлекет басшысы орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік білім жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы газ және газбен жабдықтау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы жаңа технологиялар нарығын қаржыландыру тетіктерін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне венчурлік қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) арасындағы ФАО-ның Қазақстан Республикасындағы Байланыс және әріптестік жөніндегі бюросын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Хабар 24 телеарнасы