356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі ауа райының өзгеруін талқылады

  • 138

Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті.

Күн тәртібінде жаһандық қауіпсіздік пен ауа райының өзгеруіне байланысты туындайтын қиындықтардың алдын алу мәселесі қаралды. Ресми дерекке сәйкес, соңғы үш жылда ең ыстық ауа райы тіркеліп, атмосферадағы көмірқышқыл газының концентрациясы арта түскен. Салдарынан жер шарында аптап ыстық, су тасқыны, қуаңшылық және орман өрті сынды табиғи апаттар көбеюі мүмкін. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары мәлімдеді. Ол өз сөзінде халықаралық қоғамдастықты жұмыла жұмыс істеуге шақырды. Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев өз сөзінде профилактикалық шараларға көңіл бөлетінін жеткізді. Ол еліміздің Арал мәселесін шешудегі тәжірибесімен бөлісіп, қауіптің алдын алу маңызды екендігін атап өтті. 

Ержан Ашықбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- 2017 жылдың шілде айынан қыркүйекке дейін Астанада «Болашақтың энергиясы» тақырыбында ЭКСПО халықаралық көрмесін өткіздік. Мақсат – тұрақты энергетиканы пайдалану саласында озық тәжірибелерді танытып, осы саладағы дамушы елдерге қолдау көрсету. Бүгінде бұл көрме климаттың өзгеруінен туындайтын қиындықтың алдын алу жөніндегі жасыл технологиялар халықаралық орталығына айналды. Қазақстан жаһандық қауіпсіздік үшін әлемдік қауымдастықпен бірігуге әрдайым дайын.

Хабар 24 телеарнасы