369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: Трамп пен Путин кездесуінен кейін оқыс өзгерістер болады деп ойламаймын

  • 151
Сарапшы: Трамп пен Путин кездесуінен кейін оқыс өзгерістер болады деп ойламаймын

Дональд Трамп пен Владимир Путиннің кездесуі жақын арада екі мемлекет арасындағы жағдайға айтарлықтай әсер ете қоймайды.

Себебі қос президент те өз елдерінің ұлттық мүдделері мен амбициясына қарама-қайшы келетін қадамдарға бармайды. Жаһан талқылап жатқан кездесу жайлы қазақстандық сарапшылар осылай дейді. Олардың пікірінше, әзірге тараптар қай салада тізе қосып әрекет етуге болатынын анықтауға тырысып жатыр.

Жұмабек Сарабеков, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

– Стратегиялық қару-жарақ мәселесі, Украина мәселесі, санкция мәселесі болсын – бұл сұрақтар бойынша қандай да бір оқыс өзгерістер болады деп ойламаймын. Дегенмен де кездесудің өзі біз қай сала бойынша бірлесіп жұмыс істей аламыз деген сұраққа жауап беруі мүмкін. Мысалы, біз бүгінде Мәскеу мен Вашингтон Сирия бойынша жаңа ұстаным қалыптастырып отырғанын байқап отырмыз. Және Сирия бойынша бірлескен қадамдар жасай алады. Бұл өз кезегінде ұзақ жылға жалғасқан Сирия қақтығысын аяқтауға әсерін тигізуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы