359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Палестина Сыртқы істер және экс-патрианттар министрі Астанаға алғаш рет ресми сапармен келді

  • 127

Шара аясында қос ведомство басшылары Қайрат Әбдірахманов пен Рияд әл-Мәлки Саяси консультациялар жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Бұдан бөлек Палестинаның Сауда, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы палаталарының федерациясы мен Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім бекіді. Қайрат Әбдірахмановтың айтуынша, осы ресми сапар аясында қос ел саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы қатынастарды одан әрі нығайтпақ. Әсіресе ауыл шаруашылығы, медицина, туризм, білім беру салаларын дамыту көзделіп отыр.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Палестина мемлекеті халықаралық ұйымдар шеңберінде еліміздің негізгі халықаралық бастамаларын тұрақты түрде қолдайды. ҚР Палестина проблемасының реттелуі Таяу Шығыс өңірінде ұзақмерзімді бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатудың негізгі шарты болып табылатынынна сенім арта отырып, Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындап, халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі болуын дәйекті жақтайды.

Рияд әл-Мәлки, Палестинаның Сыртқы істер және экспатрианттар министрі:

- Қазақстан Палестинаның бастамаларына қолдау білдіріп,  әркез достық қарым-қатынаста екенін дәлелдеп келеді. Сондықтан палестиналықтар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбіт қарым-қатынасын жоғары бағалайды. Қазақстан бейбітсүйгіш ел ретінде біздің аймақтағы кикілжіңнің тоқтауына барынша көмек қолын созуда. Сондықтан Палестина үкіметінің айтар алғысы зор. Болашақта достық қатынасты сақтай отырып, ынтымақтастықты одан әрі нығайтамыз деген сенімдемін.

Хабар 24 телеарнасы