352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміз Үндістанмен экономика және кино саласындағы әріптестікті талқылады

  • 835

Қазақстан мен Үндістанның Сыртқы істер министрлері экономика, сауда, мәдениет және татулықты сақтау саласындағы әріптестікті талқылады.

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстанға ресми сапармен келген Үндістан Республикасының Сыртқы істер министрі Сушма Свараджпен кездесті.

Келіссөздер барысында екі жақты мемлекетаралық қарым-қатынастардың стратегиялық сипаты, сондай-ақ екі ел халықтарының арасындағы достық дәстүрі атап өтілді. Тараптар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Үндістанның Премьер-Министрі Нарендра Модидің 2017 жылғы маусымда Астанада және осы жылдың маусым айының басында Циндао қаласында өткен ШЫҰ саммитері аясындағы екіжақты кездесулердің барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылуын талқылады.

«Жақында Қытайдың Циндао қаласында өткен Қазақстан-Үндістан кездесуінен кейін Қазақстан Президенті Үкіметке Үндістанмен инвестиция, энергетика, логистика, ақпараттық технологиялар, ғарыш, фармацевтика, туризм және киноөндіріс саласындағы екіжақты ынтымақтастықты күшейту жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді. Осы негізінде біз 2019 жылға жоспарланған жоғары деңгейдегі ресми іс-шаралардың мазмұнын дайындаудамыз», - деді Қ. Әбдірахманов.

Хабар 24 телеарнасы