352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтау саммитінде Каспий биоресурстарын тиімді пайдалану мәселесі қаралмақ

  • 195

12 тамыз күні өтетін Ақтау саммитінде бірқатар маңызды құжаттар қабылданады деп жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, жиынға қатысушы тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қояды деп күтіледі. Сондай-ақ саясаттанушылардың пікірінше, теңізді шекараларға бөлу, сол арқылы оның биоресурстарын тиімді пайдалану мәселесі де көтерілмек.

Айта кеткен жөн, ресейлік ғалымдар Каспийдің басты байлығының бірі бекіренің соңғы он жылда 2,5 есе азайып кеткенін мәлімдеген болатын. Енді әр мемлекет осы бағалы балықты сақтап қалу үшін түрлі жобаларды жүзеге асырып жатыр. Қазір теңіз биоресурстарын рационалды пайдалану 2014 жылы Ресейдің Астрахань қаласында қабылданған келісім арқылы реттеледі.

Айжан Мұқышбаева, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

- Теңіздің биоресурстарын қолдануының көлемін шектеу туралы келісімге қол қойылды. Яғни осыдан кейін Каспийде бекірені аулауға байланысты коммерциялық, өндірістік мақсатта қолдануға шектеу қойылған болатын. Бұл шектеу 2018 жылға қойылды. Алдағы уақытта шектеуді созуға байланысты елдер қарастырып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы