352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: Конвенция Каспийге жаңа мәртебе береді

  • 111

Ақтау самитінде қабылданатын конвенция Каспийге жаңа мәртебе береді.

Тіпті ол көл де, теңіз де болмауы мүмкін. Сарапшылар осылай деп болжайды. Айта кетейік, Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтау ісінің ұзаққа созылуының бір себебі осы болатын.

Санат Күшкімбаев, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары:

- Географиялық, ғылыми тұрғыдан алсақ, Каспий «теңіз» деген анықтамаға сай келмейді. Оның әлем мұхиттарымен байланысы жоқ. Дегенмен бұл – құрлықаралық үлкен су қоймасы. Сондықтан оған ерекше, бірегей тәсіл қажет. Егер тараптар «теңіз бе, көл ме» деген мәселеге тірелген болса, онда келіссөздер әлі де жалғасар еді. Сондықтан барлық елдер ортақ ымыраға келуі қажет болды.

Хабар 24 телеарнасы