352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Каспий бестігі» кездесуіне дайындық жұмыстарын қорытындыланды

  • 205

Ақтау саммиті қарсаңында Каспий маңындағы мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті.

Тараптар «Каспий бестігі» кездесуіне дайындық жұмыстарын қорытындылады. «Бүгін Каспий теңізіндегі өзара ынтымақтастыққа қатысты барлық мәселелер бойынша консенсуске келе алдық. Мұның айғағы, президенттер қол қоятын Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның жобасы», - деді ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов. Сондай-ақ атқарылған жұмыстар Каспий маңындағы мемлекет басшыларының белсенді атсалысуы мен жеке көңіл бөлуінің арқасында жүзеге асырылғаны атап өтілді. Кеңеске қатысқан 5 елдің сыртқы істер министрлері V Каспий саммиті барысында қол қоюға жоспарланған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның ережелерін жүзеге асыру бойынша тараптардың келешек әрекеттерін бағамдайтын хаттама қабылдады.

Хабар 24 телеарнасы