352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: Каспий маңы елдері арасында шекараны анықтау жөнінен келіспеушілік жоқ

  • 287

Ақтау самитінде бес елдің басшысы мақұлдайтын конвенция Каспийге жаңа мәртебе береді.

Құжаттың мазмұны әзірге көпшілікке беймәлім. «Каспий көл ме, не теңіз бе» деген талай жылғы сауалдың жауабы да осы самитте айтылмақ. Сонымен қарт Каспийге қандай мәртебе беріледі? Ақтау самитінің жүгі жеңіл болмасы айтпаса да түсінікті. Бірақ қабылданар конвенция тараптардың ешқайсысының несібесін жемейді. Сарапшылар пікірі осыған саяды.

Арыспай Қабдығалиев, стратегиялық зерттеулер және болжау қызметінің жетекші ғылыми қызметкері:

- 90-жылдардан бастап, Каспийге трансұлттық компаниялардың назары ауа бастады. Өйткені, бұл мекен көмірсутек қоры бойынша алдыңғы қатарда. Қазіргі таңда солтүстік бөліктегі Каспий маңы елдері арасында шекараны анықтау бойынша ешқандай келіспеушілік жоқ.

Хабар 24 телеарнасы