369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Каспий конвенциясы аймақтағы қауіпсіздікті сақтауға ықпал етеді

  • 123
Каспий конвенциясы аймақтағы қауіпсіздікті сақтауға ықпал етеді

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция - өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтап, экономиканы дамытуға ықпал етеді.

Бұл отандық сарапшылардың сөзі. Саяси құжат Каспий маңындағы бес мемлекеттің құқықтары мен міндеттерін ғана емес, теңіздің халықаралық дәрежесін айқындап берді.

Нұрлан Сейдін, саясаттанушы:

- Саяси, экономикалық және Каспи аймағына геосаяси тұрғыдан қарағанда өте шиеленіскен аймақ болып есептелінеді. Сол себептен де бұл жерде тек қана осы бес мемлекеттің мүддесі емес, бұл жерде әлемдік, еуропалық, батыс мемлекеттерінің мүддесі тоғысқан жер.

Мақсат Халықов, экономист:

- Бұл жерде біз үшін де маңызды жері – осы Каспий теңізін ары қарай еуропа құрлығына тауарды тасымалдауды жеткізу мәселесін дұрыстау болып отыр. Өйткені бізде Батыс-Қытай-Батыс Еуропа дәлізі салынғаны белгілі. Осы аяда Қытайдың, Азияның үлкен тауарлары көптеген тауарлары Еуропаға жеткізілуі керек. Осы процесте Ақтау порты да тыс қалмау керек.

Дәурен Бабамұрат, саясаттанушы: 

- Экономикалық тұрғыдан Қазақстанның бәрібір Иранмен тығыз қарым-қатынаста болатыны сөзсіз. Қазақстан мен Иранның тығыз қарым-қатыс орнатуына бір ғана заңды кедергілердің бірі – Каспий қатысты өзара түбегейлі шешімнің болмағандығы болатын. Бұл түбегейлі шешімге күні кеше ғана қол қойылды.

Хабар 24 телеарнасы