369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ш.Куреши: Каспийдің құқықтық мәртебесін айқындаған құжат бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда өте өзекті

  • 84

Британиялық сарапшылар Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындаған конвенция жөнінде пікірлерін білдірді.

The London post газетінің бас редакторы Шахид Куреши маңызды құжаттың арқасында қауіпсіздік мәселесі жаңа сапалық деңгейге көтерілгенін айтады.  Доктор Шахид Куреши біздің арнаға берген эксклюзивті сұхбатында аймақтарға қатысы жоқ ірі мемлекеттердің қарулы күштері келісімге сәйкес Каспий теңізінде еркін әрекет ете алмайтындығын қолдайтындығын баяндады. «Бұл конвенция бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда өте өзекті», – дейді ол. Британиялық журналисті құжаттың биологиялық ресурстарды сақтауға қосар үлесі зор екендігі қуантады.

Шахид Куреши, The London post газетінің бас редакторы:

- Менің түсінігімде биологиялық ресурстарды сақтап қалуға жете мән берілуі тиіс. Өйткені кейін оларды қорғап қалу қиынға соғады. Конвенция жөнінде айтқанда, дәл осы мәселеге жете мән берілгені ерекше әсер етті. Демек келісімнің берері мол деуге негіз. Сонымен қатар құжаттың қазіргі кезде төнуі мүмкін қауіп-қатерлерге төтеп беріп, төтенше жағдайларды алдын алуға және жоюға бағытталғандығы көңілден шығады.

Хабар 24 телеарнасы