356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Каспий конвенциясы халықаралық сауда-саттықтың жандануына жол ашады – сарапшы

  • 93

Каспий теңізі халықаралық сауда-саттықтың жандануына жол ашады. Әсіресе мұның игілігін еліміздің батыс өңірі айқын сезінеді.

Сырттан қосымша инвестицияның тартылуы жаңа өндіріс пен жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді. Бұл ішкі нарықты сыртқы экономикаға тәуелділіктен қорғайды. Ол үшін қабылданған конвенциядан бөлек әр мемлекетпен жеке-жеке келісімшарттар жасасқан жөн деп санайды Каспий маңы мемлекеттерінің саммитіне өз пікірін білдірген сарапшылар.

Меруерт Махмұдова, қоғамдық мәселелерді талдау орталығының директоры:

- Қазақстанның қазіргі конвенцияға қол қойып отырғаны оптимистік көзқараспен пайда түседі дегенге үміт бар. Бірақ оның іске қосылуы үшін ол мұнайды өндіру үшін көп инвестиция қажет. Сондықтан әрине, келешекте әлі шешілетіндей біраз мәселелері бар.

Хабар 24 телеарнасы