356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Р.Назаров: Каспий конвенциясы – Қазақстанның әлемдік деңгейдегі атқарған жұмыстарының тағы бір жетістігі

  • 92

Каспий конвенциясы жағалаудағы бес мемлекеттің сыртқы байланысын жақсартып, ауқымды жобалардың жүзеге асуына негіз болады.

Өйткені өзге елдер үшін бүгінде теңіз тасымалы өте тиімді болып тұр. Оған қоса логистика мен көлік инфрақұрылымының жүйелі дамуына әсер етеді. «Бұл елдердің экономикалық әлеуетін арттып, туризм мен барыс-келісті жақсартады», – дейді Өзбекстан Ғылым академиясының аға ғылыми қызметкері Равшан Назаров. Құжатқа сәйкес теңізге бес мемлекет иелік етеді. Маңызды келісім әлемдік тұрақтылыққа тікелей ықпал етеді. Оған қоса түрлі экологиялық келеңсіздіктердің алдын алуға мүмкідік береді. «Каспий конституциясы осы теңізде ғана кездесетін бекіре балығының тұқымын сақтап қалуға мүмкіндік береді», – дейді ғалым.

Равшан Назаров, Өзбекстан Ғылым академиясының аға ғылыми қызметкері:

- Бұл маңызды құжатқа қол қойылуы саясаттағы Қазақстанның ұстанымы мен ел басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы бағытта ұзақ жылдар бойы атқарған еңбегінің жемісі деп бағалауға керек. Осы тұрғыдан алып қарағанда, дәл осы Каспий конвенциясын Қазақстан Республикасының әлемдік деңгейдегі атқарған жұмыстарының тағы бір жетістігі ретінде атап өтуге болады.

Хабар 24 телеарнасы