359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан Президенті жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барады

  • 240

Елбасы Тайынша ауданындағы егіс алқаптарын аралап, жергілікті диқандармен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Біздің түсірілім тобы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша  ауданы Ильичевка ауылында жүр. Солтүстік Қазақстан өңірінің жері шағын болса да берекелі, бидайы көп. Аграрлы аймақ соңғы жылдары дәнді-дақылдардан бөлек майлы дақылдарды өсіруге ерекше ден қойып отыр.  

Елбасы «Тайынша май» зауытын аралап, цех жұмысымен танысады. Өндіріс орны майлы дақылдарды өңдеп, экологиялық өнімді экспортқа шығарады.

«Тайынша май» – Қазақстан мен Қытайдың бірлескен жобасы. Зауыт өзіне қажетті шикізатты жергілікті шаруалардан сатып алады. Кәсіпорын биыл 100-150 мың тонна шикізат өңдеуді жоспарлап отыр. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша Президентке есеп береді. Президент солтүстік өңірде ауыл шаруашылығын әртараптандыру бойынша кеңес өткізбек.  

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Тайынша ауданы Ильичевка ауылынған салынған жаңа үйлерді аралап көрмек. Су жаңа баспаналардың иелері – оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған тұрғындар. Осы жылы Ильичевка ауылына оңтүстіктен 14 отбасы көшіп келген. Елімізде жұмыс күші тапшы өңірлерді қажетті мамандармен қамтамасыз ету үшін қолға алынғаны белгілі. Қоныс аударушыларға әлеуметтік көмек беріледі.

Жаңалықтардың алдағы шығарылымында Елбасының жұмыс сапары туралы толығырақ айтатын боламыз.

Авторы: Әсем Қабылбек

Хабар 24 телеарнасы