359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Каспий конвенциясы көп ұзамай ратификацияланады

  • 157

Каспийдің құқықтық мәртебесі құжатпен бекітілгенен кейін, аймаққа бағытталатын инвестиция көлемі еселене түседі.

Себебі, бұл инвесторлар үшін тиімді. Сыртқы істер министрлігінің өкілі мәлімдегендей, конвенция жуық арада ратификацияланады. Атап өтейік, аталмыш құжат 5 елдің де жауапкершілігін арттырады. Ілгеріде пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі шешімді әр ел өзі қабылдайтын. Тиісінше мұндай процеске екінші тарап килігуді көздейді. Ал конвенцияда 5 мемлекеттен бөлек өзге тараптардың Каспий өңірі мәселесіне араласуына тыйым салынады. Яғни құқықтық мәртебе Каспий өңірінде бір елдің басымдық танытуына тосқауыл болады.

Сабыр Хасанов, ҚР ҰҚК Шекаралық қызметі жағалаулық күзет басқармасының бастығы:

- Белгіленген аумақтар әсіресе шекара қызметі үшін аса маңызды. Ақтау саммиті кезінде бірнеше мемлекеттің шекара қызметінің басшылары теңізде өзара әріптестік орнату жөніндегі хаттамаға қол қойды. Осының негізінде біз ақпарат алмасып, шекара кескендерді, айдында заңсыз әрекет еткендерді бірге анықтаймыз. Яғни конвенцияның аясында бес елдің шекарашылары Каспийдегі тұрақтылыққа бірге жауап береді.

Хабар 24 телеарнасы