356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Латвиялық сарапшылар: Каспий конвенциясы әлемдік маңызға ие

  • 107

Қазақстан Қаспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның қабылдануына үлкен үлес қосты.

Халықаралық дәрежедегі бұл құжат әлемдік маңызға ие. Сондай-ақ Еуропа аумағында транзитті тасымалдау саласының дамуына да серпін береді. Латвиялық сарапшылар пікірі осыған саяды.

Александр Видякин, Балтық-Қазақстан экономикалық даму қауымдастығының басшысы:

- Қазақстан мен Каспий маңы елдері бейбіт өмір сүріп, кіріс тауып, жаңа әлеуетті жобалар құрып, экономика мен транзитті жетілдіруге болатынын дәлелдеді. Мына құбылған заманда ауызбіршіліктің маңызы зор. Тек қол қойған бес мемлекет үшін емес, Еуропалық одақ елдері үшін маңызды.

Владимир Решетов, публицист:

- Енді Каспий теңізінің акваториясы арқылы транзитті тасымал жүргізу жеңіл. Себебі, саммит алдында Құрық портында мультимодальді көлік хабы ашылды. 10 мың халқы бар шағын ауылдағы жаңа порттың маңызы зор. Ол Каспий теңізінің Әзербайжандағы Алят жағалауымен байланыстырады. Демек енді Қытай – Орталық Азия – Еуропа транзитті дәлізінде жүкті кедергісіз жеткізіп қоймай, уақыт пен қаржыны үнемдеуге болады. Бұл дамудың көзі екені сөзсіз.

Хабар 24 телеарнасы