356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Латвия Каспий теңізінің мәртебесін айқындайтын конвенцияны толығымен қолдайды

  • 95

Бұл тарихи маңызы бар оқиға Каспий маңы елдері арасындағы серіктестіктің нығаюына ықпал етеді.

Сондай-ақ 5 елдің дамуына серпін беріп, өзара байланыстың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Латвиялық сарапшылар пікірі осыған саяды.

Сергей Потапкин, Латвия парламентінің депутаты:

- Латвия Балтық маңы елдері саммитінің қатысушысы ретінде бұл конвенцияның маңыздылығын жақсы түсінеді. Құжат барлық елдердің кемелденуіне негіз болады. Инвестиция тарту, тұрақтылық, жалпы әр мемлекеттің қауіпсіз дамуына ашылып отырған мүмкіндік деп ойлаймын.

Андрей Клементьев, Латвия парламентінің депутаты:

Шынымен де әлемде шиеленіс көбейген осындай қиын уақытта бейбітшілікті көздейтін шараның куәсі болу керемет. Елдердің саяси еркіндігін көрдік. Қабылданған құжат мемлекеттердің дамуына ықпал етеді. Құжатқа қол қойған елдер шын ниетімен үлкен жауапкершілікке қадам басты.

Хабар 24 телеарнасы