352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжіліс депутаттары Түркістанға барды

  • 159

Мәжіліс депутаттарының аймақтарға сапары жалғасып жатыр.

Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын түсіндіру мақсатында бүгін Парламент төменгі палатасының депутаттары Уәлихан Қайназаров, Берік Оспанов және Дархан Мыңбай Түркістан қаласына барды. Мәжілісмендер мемлекеттік тарихи-мәдени этнографиялық орталықта болып, қаланы дамытудың бас жоспарының тұжырымдамалық жобаларымен танысты. Одан кейін шаһардағы индустриалды аймақта орналасқан жиһаз шығаратын зауыт ұжымымен кездесті. Кәсіпорында жиһаздың 200-ге жуық түрі шығарылады. Дайын өнім еліміздің барлық өңірлерімен қатар Ресейге де экспорталады. Болашақта жиһазды әлемдік нарыққа шығару жоспарланып отыр. Соңғы үлгідегі жаңа технологиямен жабдықталған кәсіпорында 100-ден аса адам еңбек етеді.

Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Түркістан облыс орталығына айналғаннан кейін Түркістан бүкіл түркі әлеміне ортақ қасиетті қала болған соң бұл жердегі өнімнің сапасы да жоғары болу керек. Әлемдік стандарттарға сай болу керек. Соған сәйкес жұмыс істеп жатыр. Меніңше, бұл жердің шығарып жатқан төл өнімдері осында көшіп келген барлық қызметкерлерге де, халыққа да, жалпы Қазақстанның барлық өңірлеріне ұнайды деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы