352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде терроризмге қарсы күресу жолдарын ұсынды

  • 136
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде терроризмге қарсы күресу жолдарын ұсынды mfa.gov.kz

«Орталық Азия елдеріне Ауғанстаннан келетін террористік қауіп-қатерлердің ұлғаюы осы елге Сирия және Ирактан шетелдік террористердің қоныс аударуымен байланысты». Бұл туралы БҰҰ Бас Хатшысының орынбасары Владимир Воронков БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Террористік актілерден халықаралық бейбітшілікке төндіретін қауіптер» атты отырысында атап өтті.

В.Воронков БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелеріне БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің ТГИЛ террористік ұйымынан халықаралық бейбітшілікке және қауіпсіздікке қауіп-қатерлері және БҰҰ-ның мүше-мемлекеттерге осы қауіп-қатерлеріне қарсы әрекеттерге көрсетіп жатқан қолдаулары туралы 7-ші баяндамасын ұсынды.

Отырыс барысында Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров терроризмге қарсы күресте халықаралық, өңірлік және ұлттық деңгейде күш-жігерлерді біріктіруге шақырып, негізгі мақсат ретінде жастар арасында терроризмді және экстремизмді таратудың алдын алу шараларын атады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы