352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанадағы АӨСШК-нің штаб-пәтерінде жаңа мәжіліс залы ашылды

  • 81
Астанадағы АӨСШК-нің штаб-пәтерінде жаңа мәжіліс залы ашылды

Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңестің Астанадағы штаб-пәтерінде жаңа мәжіліс залы ашылды.

Ол осы ұйымның 26 жылдығына арналған. Залдың салтанатты ашылуына еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қатысып, оның заманауи жаңа технологиялармен жабдықталғанын атап өтті. Тіпті мұндай құрал-жабдықтың үкімет үйінде де жоқ екенін айтып әзілдеді.

Гун Цзяньвэй, АӨСШК хатшылығының атқарушы директоры: 

- Жиһаз және аудио-видео, синхронды аударма жасайтын құрылғылар және өзге де жабдықтарды Қытай үкіметі бөлген грант арқылы алып отырмыз. Сондықтан оның ашылуы біршама кешеуілдеп қалды. Бірақ біздің қуанышымыз еселеніп, кеңестің 26 жылдығымен тұспа-тұс келді. Осы аз уақыт ішінде Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес бірқатар ауқымды істердің басы-қасынан табылып, үлкен жетістікке жеткенін мақтанышпен айта аламын.

Хабар 24 телеарнасы