352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: Конституциядағы өзгертулер халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған

  • 85

Халықаралық заңгерлер қауымдастығы Конституция күні қарсаңында еліміздің ата заңын талқылады.

Астанада Татарстан, Моңғолия, Өзбекстан және қазақстандық Конституциялық кеңес өкілдері мен жетекші еуропалық университеттері оқытушыларының қатысуымен конференция өтті. Қатысушылар басты құжатты талқылап, құқықтық жүйеде халықаралық тәжірибе алмасты. Сарапшылардың пікірінше, реформа тереңдеген сайын кейбір қабылданған заңдарды қайта өзгертуге тура келеді. Мұның барлығы халықтың өмір сапасын жақсарту үшін жасалады.

Игорь Рогов, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары:

- Ата заңға өзгерістер енгізілген кезде ол Конституция адам құқықтарын кеңейтуге немесе өкілеттіктерді қайта қарауға бағытталды. Біздің елде Елбасының бастамасымен жергілікті атқарушы биліктің қызметін арттырып, құзыретін кеңейтуге басымдық берілген. Халықаралық сарапшылар осыған аса мән береді.

Ахметжан Бейсенбеков, заңгер:

- 1995 жылы жалпыхалықтық референдумда Конституциямызды қабылдадық. Сәйкесінше Конституцияны қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасы өзінің ағымдағы, басқа да құқықтық актілерін қабылдады. Ол құқықтық актілердің негізгі міндеттері – мемлекеттің алдындағы, экономиканың әлеуметтік жүйенің алдындағы, саяси жүйені алдындағы міндеттерді шешу. Сонымен қатар Конституцияның негізгі басты мақсаты – Қазақстан Республикасындағы адамның құқығын, мәртебесін, оның қоғамдағы орнын қамтамасыз ету.

Хабар 24 телеарнасы