359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Н.Назарбаев: Түркістанның облыс орталығына айналуы шаһардың қадір-қасиетін арттыра түседі

  • 145

Елбасы басымдық берген бағыттың бірі – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы.

Оның аясында тарихи-мәдени мұраларды сақтап, халық арасында кеңінен насихаттаудың маңыздылығын атап өтті. Осы ретте Түркістанның облыс орталығына айналуы да шаһардың қадір-қасиетін одан әрі арттырып, рухани жаңғыруымыздың айғағы екеніне тоқталды. Үкімет пен министрліктерге облыс орталығының дамуына мейлінше қолдау көрсетуді тапсырды. Сондай-ақ алдағы уақытта киелі Түркістанға арнайы баруды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Облыс орталығының Түркістанға көшірілуі әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан ғана емес, рухани жағынан да аса маңызы бар екенін білеміз. Ол – еліміздің ең киелі жерлерінің бірі. Халық тығыз қоныстанған тұтас оңтүстік өңірдің дамуы жаңа облыс орталығының жұмысын тиімді ұйымдастыруға байланысты. Сондықтан үкімет пен әкімшілік бұл жерде тығыз жұмыс істеуі керек. Сонымен бірге республикалық маңызы бар қала мәртебесін иеленген Шымкенттің тыныс-тіршілігі де назарда болуға тиіс.

Хабар 24 телеарнасы