359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР Президенті қос палатаның бірлескен отырысында бірқатар тапсырма берді

  • 176

Қос палатаның бірлескен отырысына қатысқан Елбасы алқалы жиында шенді-шекпенділерге бірқатар тапсырманы уақтылы орындауды тапсырды.

Жазғы демалыстан шыққан депутаттар бүгін бас қосты. Мемлекет басшысының өзі жазда ауыл аймақты аралап, тұрғындармен тілдесіп қайтқан xалық қалаулыларының жұмысын атап өтті. Сондықтан кезек күттірмей қрла алуы тиіс міндеттерді атап өтті. Елбасы баса назар аударылуы тиіс 7 міндетті жіпке тізіп берді. Енді солар жайында толығырақ айтып өтсек. Ең алдымен өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған қазақстандықтар жайы айтылды. Осы ретте Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң жобасын айтпауға болмайды. Сондықтан Мемлекет басшысы жыл соңына дейін өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған 2 млн-нан астам тұрғынның мәселесін шешуді жүктеді. Кейін табиғи монополиялар туралы заң жобасын қарауды тапсырды. Елбасы қашан да шағын және орта бизнес ел экономикасының драйвері екенін тілге тиек етеді. Осы орайда 2050 жылға қарай оның үлесін 50 пайызға дейін арттыруды тапсырды. Бұдан бөлек туризмді дамыту, мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасына тоқталды.

Мемлекет басшысы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, «Рухани жаңғыру» бағдарламасына ерекше тоқталды. Сондай-ақ жақында ғана құрылған Түркістан облысын дамыту жайы күн тәртібінде қарастырылды. Облыс орталығы киелі Түркістан қаласының әлеуметтік экономикалық дамуын көтеру, жалпы бизнесті осында бұру жайын атап өтті. Жалпы атап өткен жөн өткен қазіргі таңда Парламент қарауында 50-ге жуық заң жобасы бар.

Авторы: Әсел Тұмашқызы

Хабар 24 телеарнасы