363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қ.Тоқаев Қытайдың әскери кеңесі төрағасының орынбасарымен аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылады

  • 214

Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық одан әрі беки бермек. Бүгін Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасарымен кездесті.

«Қытайлық өкілдің Қазақстанға арнайы ат басын бұру екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі жақсарта түседі», – дейді Сенат төрағасы. Өйткені қос мемлекеттің де көздегені – аймақтағы қауіпсіздік пен тыныштық. Осы мақсатта Шанхай ынтымақтастық ұйымының жемісті жұмыс атқарып келе жатқаны айтылды. Өз кезегінде Сюй Цилян тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлеуметтік-экономикалық жағынан қарыштап дамып, халықаралық аренадағы беделінің артқанын атап өтті. Кездесу барысында тараптар әлемде туындап жатқан сын-қатерлерге қарсы аймақтың қауіпсіздігін қадағалау мәселелерін талқылады.

Хабар 24 телеарнасы