359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жоғарғы палата отырысында бірқатар құжат мақұлданды

  • 157

Жоғарғы палатаның алғашқы жалпы отырысында депутаттар бірқатар құжат мақұлдады.

Олардың ішінде Өзбекстанмен салық жайлы келісімге өзгеріс енгізу, сондай-ақ Ресеймен Байқоңыр халқына медициналық қызмет көрсету мәселесі де қамтылған. Осы уақытқа дейін еліміздің түкпір-түкпірін аралап келген халық қалаулылары қазақстандықтардың мұң-мұқтажы мен ұсыныс-пікірлерін тыңдап қайтқан. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жоғарғы палата халықтың әлеуметтік ахуалын түзеу, құқыққорғау саласын жаңғырту, Елбасы атап көрсеткен маңызды міндеттерді орындау бағытында жұмыс істейтін болады.

Хабар 24 телеарнасы