352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Литвада мас күйінде көлік айдап ұсталған Қазақстан елшілігінің қызметкері кері шақырылды

  • 92

Литвада мас күйінде көлік жүргізіп, полицияға ұсталған Қазақстан елшілігінің қызметкері Астанаға шақырылды.

Литва полициясы оған қатысты ешқандай талап қойған жоқ. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді. Айтуынша, оқиға 7 қыркүйекте болған. Литва полицейлері рейд кезінде Қазақстан елшілігінің көлігін тоқтатқан. Тексеру нәтижесінде жүргізушінің алкогольді рұқсат етілген нормадан асыра ішкені анықталды. Қазір елге оралған елшілік қызметкеріне қатысты ішкі тергеу-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ брифинг барысында Түркияда босанған Дарья Васильеваның нәрестесінің аман-есен Қазақстанға әкелінгені жарияланды. Оның елге келуіне қажетті қаражатты өз еліміздегі қайырымды жандар көтерген.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ баспасөз хатшысы: 

- Бұл мәселені біздің елші және Ыстамбұлдағы бас консул жеке бақылауға алып, бұл істі соңына дейін жеткізді. Бүгін таңертең санитарлық авиацияның арнайы ұшағы Алматы қаласының әуежайына келіп қонды. Кішкентай қыз бен оның анасы Алматы қаласындағы педиатрия институтына жеткізіліп, қазіргі таңда қазақстандық дәрігерлердің бақылауында.

Хабар 24 телеарнасы