361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Варшавада жыл сайынғы ЕҚЫҰ адам құқықтары жөніндегі кеңесі басталды

  • 70
Варшавада жыл сайынғы ЕҚЫҰ адам құқықтары жөніндегі кеңесі басталды

Бұл – Еуропадағы адам құқықтары жөніндегі ең ірі конференция.

Ол жыл сайын Варшавада өтеді. Кеңес аясында ұйымға мүше елдер адами салада өзіне алған міндеттемелерінің орындалуы бойынша баяндама жасайды. Қазақстан осы конференцияның мәжілістеріне жиі қатысады. Сайлаудың ашық өтуіне арналған сессиясында Орталық сайлау комиссияның мүшесі Зәуреш Баймолдина сөз сөйледі.

Зәуреш Баймолдина ҚР Орталық сайлау комиссияның мүшесі:

Сайлау жөнінде конституциялық заңымызға енгізілген өзгертулер тұрақтылықты қамтамасыз етумен қатар сайлау процесіне халықтың сенімін қалыптастыруы тиіс. Осы өзгертулерге сай келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап жергілікті атқарушы органдардың басшылары сайланатын болады.

Шетел сарапшылары адам құқықтары мен заң ұлықтылығын қамтамасыз ету саласындағы еліміздің жүргізіп жатқан еңбегін атап өтті.

Георгий Церетели ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының президенті

Қазақстан ұйымымыздың маңызды серіктесі. Осыдан бірнеше жыл бұрын еліңіз ұйымда төрағалық еткен және осындай конференциялар өткізудің тәжірибеңіз бар. Адам құқытары өте сезімтал сала. Бар елдер азаматтарының тұрмысын жақсартуға еңбек етуі керек.

Конференцияда талқыланатын басты тақырыптар – ұйым аумағында адам құқықтарының сақталуы, нәсілшілдік пен ұлтшылдыққа қарсы күрес, тәуелсіз журналистика мен ақпарат құралдарының еркіндігі. Еуропаның басты мәселесі – миграциялық дағдарыс та назардан тыс қалған жоқ.

Авторлары: Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский

Хабар 24 телеарнасы